Архив событий

02/06/2016

Медиация тәртібімен қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

02/06/2016
Қарағанды облысы №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі (кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша азамат Б.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Октябрь аудандық соты балаларды мерекемен құттықтады

02/06/2016
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Октябрь аудандық сотының төрағасының м.а. Г.З. Базылова, судья А.Ж. Абдыкамалов және сот мамандары Қарағанды облысы білім басқармасының «Даму мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған балалар үйі» КММ-ға барып қайтты.

Әкелікті тану фактісі анықталды

02/06/2016
Азаматша С. Қарқаралы аудандық сотына кәмелет жасқа толмаған баласына қатысты әкелекті мойындау фактісін анықтау туралы арызымен сотқа жүгінді.

Ата-аналық міндетін орындамағаны үшін айыппұл салынды

02/06/2016
Қарағанды облысы №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 127 бабының 2 бөлігі бойынша азамат С.-қа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Экономикалық сотпен іс жеңілдетілген тәртібімен қаралды

02/06/2016
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер Приозерск қаласы Әкімшілігінің жанындағы «Коммуналдық үйлерді қайта қалыптастыру басқармасы» КМК-нің жауапкер ЖК Г.-ға қатысты коммуналдық қызметтер бойынша 259 472 теңге мөлшеріндегі борыш сомасын және 35 039 теңге мөлшеріндегі тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы, сондай-ақ сот шығындарын өтеу туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Біз - Тәуелсіздік құрдастарымыз

02/06/2016
«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ және ЖББ № 36 орта мектеп ұжымымен бірігіп ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне «Біз – Тәуелсіздік құрдастарымыз» атты ток-шоуға Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші мамандары А. Абжанова мен Н. Саин қатысты.

Көлік құралына салық төлеу – әркімнің міндеті

02/06/2016
Жаңаарқа аудандық сотына «Жаңаарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-нің борышкер А.- дан көлік құралына берешек салығын өндіру жөнінде сот бұйрығын шығару туралы арызы түсті.
Арызда борышкер А. салық берешегі салынғаны жөнінде хабарламаны ала отырып, салық заңнамасын бұзған яғни белгіленген мерзімде салықты төлемегені айтылған.

Балаларды мерекемен құттықтадық

02/06/2016
Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қызметкерлері Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Дом надежды» ММ-нің тәрбиеленушілеріне барды.