Архив событий

07/06/2016

Қарағанды облысының судьялары Қазақстан Республикасының Судьялар одағының VIII Спартакиадасына қатысты

07/06/2016
Мемлекетіміздің шығыс аймағында Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Судьялар одағының VIII Спартакиадасының ойындары өтті. Жарыстарға Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облысының судьялары қатысты.

Қазыбек би аудандық сотының ұжымы судьяны жаңа лауазымымен құттықтады

07/06/2016
Бүгін Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотында аудандық соттың судья Е. Маукенді жаңа лауазымымен құттықтады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылдың 31 мамырындағы Жарлығымен Е.Маукен бұрын Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотында судья қызметінен босатылып Қарағанды облыстық соты судьясы қызметіне тағайындалды.

Сот актілері орындалуы бойынша дөңгелек үстел өткізілді

07/06/2016
Шет аудандық сот төрағасы Д.К.Бурабаев «Сот актілері орындалысы жөнінде» дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге Шет аудан прокурор көмекшісі Н.К.Бигожин, Шет аумағы бойынша Сот актілерін орындау Департаменті бөлім басшысы Қ.М.Абишев, жеке сот орындаушы С.Т.Сакенов, аға сот жасауылы Қ.Қ.Алимкулов және кеңсе меңгерушісі Л.Ж.Тойганбекова қатысты.

Шахтинск қалалық сотының төрағасы азаматтарды қабылдады

07/06/2016
Шахтинск қалалық сотында кезекті азаматтарды қабылдау рәсімі өтті. Сот төрағасына көкейкесті мәселелерімен азаматтар жүгінді.
20 жыл отбасымен тұрып жатқан пәтерін жекешелендіруге құжат алуға көмек сұрап келген азаматша Б. 2013 жылы барлық керекті құжаттарының өкілетті органға тапсырылғанын айтты.