Архив событий

20/06/2016

Қарағанды облысының ювеналдық сотында "Ашық есік күні" шарасы өткізілді

20/06/2016
Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Д. Сайхановтың басшылығымен және Қазыбек би ауданының прокурорларымен бірге «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді.
Шара барысында өздерінің сұрақтарымен азамат А. Қалықұлы және О.П. Глок жүгінді.

Алданған қыз

20/06/2016
14 жастағы К. «Вконтакте» әлеуметтік желісі арқылы 26 жастағы Ф.-мен танысты. Ол бұрын басқа жігіттермен араласпағандықтан, бұл жігіт оған жағымды және қызықты көрінді. Араласа келе олар кездесіп, бір біріне қызығушылықтары одан арта түседі.

Қылмыстық іс бойынша медиация тәртібімен келісім бекітілді

20/06/2016
Қарағанды қаласы Октябрь аудандық соты Қазақстан Республикасы ҚК-тің 188-бабының 1-бөлігі бойынша (ұрлық) сотқа берілген азамат К.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.
Сотта сотталушы К. жәбірленушіге тиесілі ұялы телефонды ұрлаған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша семинарлық сабақ өтті

20/06/2016
Қарағанды қаласы Октябрь ауданының №3 аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын зерделеу» тақырыбына семинар өткізілді. Іс-шараға аудандық сотының судьялары, Қарағанды қаласының Октябрь ауданының прокурор көмекшілері К.Б. Мұқамеджан, И. Янгалышева, Әділет департаментінің №3 Октябрь сот орындаушылар аумақтық бөлімінің аға сот орындаушысы А. Баянова қатысты.

Есірткіні тарату

20/06/2016
Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297 бабының 3 бөлігі 1, 3 тармақтары, 296 бабының 4 бөлігі - есірткі құралдарын әрі қарай өткізу мақсатында заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау бойынша азамат А.-ға қатысты қылмыстық ісі бойынша үкім жарияланды.

Моральдық зиянды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды

20/06/2016
Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотында кәмелетке толмаған баланың мүддесін қорғаушы азаматша Б.-ның жауапкер азамат Г.-ға қатысты иттің шабуыл жасауынан келген моральдық зиянды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Әкімшілік құқық бұзушылықты қайта жасады

20/06/2016
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекінің 608- бабының 4-бөлімі бойынша азамат Д.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.