Архив событий

28/06/2016

Темекі тұқылы үшін бес тәулікке қамауға алынды

28/06/2016
Бұқар-Жырау аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК 434 б.2б. қарасты әкімшілік құқықбұзушылық жасаған үшін азамат Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, яғыни бір жыл ішінде екінші рет ортақ қолданыстағы жерді ластау.
Іс материалы бойынша азамат Б. Ботақара ауылы Киров көшесінде қоғамдық жерде темекінің тұқылын арнайы жәшікке тастамай жерге тастаған.

Теміртау қалалық сотында «Арселор Миттал Темиртау» АҚ-на қатысты азаматтық іс қаралды

28/06/2016
Теміртау қалалық сотында талапкер А.Н. Поповтың жауапкер «Арселор Миттал Темиртау» АҚ-на талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды, А.Н. Попов  22.12.2014 жылы Letter of intend келісімге қол қойған, бұдан алдын жасалған шарт бойынша сәйкес келмеушіліктер келісімшартқа қол қойғаннан кейін жойылат деген талаптарымен қол қойған.

Қарқаралы ауданының селолық округында медиация кабинеті ашылды

28/06/2016
М. Мамраев атындағы селолық округінде медиация кабинетінің ашылу рәсіміне Қарқаралы аудандық сотының төрағасы М. Қасымбеков қатысты.
М. Қасымбеков село тұрғындарымен кездесіп, дауларды реттеу барысында медиация рәсімін қолдану тиімділігін, медиацияны қолдану тәртібін түсіндірді.

Қарқаралы аудандық соты аудан әкімімен бірге Меморандумға қол қойды

28/06/2016
Қарқаралы аудандық соты аудан әкімімен татуластыру рәсімдерінің институтын дамыту мәселелері бойынша өзара іс қимыл жасасу, оның ішінде аудан, село әкімдіктерінде медиация кабинеттерін ашу жөнінде Меморандумға қол қойды.
Құжатқа қол қойғандар сот төрағасы М. Қасымбеков және аудан әкімі Х. Мақсұтов.

Жас отбасы некелерін сақтап қалды

28/06/2016
Қарқаралы аудандық сотымен талап қоюшы А. жауапкер Д.-мен араларындағы некені бұзуды сұраған талап арызы бойынша азаматтық іс медиация тәртібімен қаралды.