Темекі тұқылы үшін бес тәулікке қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Бұқар-Жырау аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК 434 б.2б. қарасты әкімшілік құқықбұзушылық жасаған үшін азамат Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, яғыни бір жыл ішінде екінші рет ортақ қолданыстағы жерді ластау.
Іс материалы бойынша азамат Б. Ботақара ауылы Киров көшесінде қоғамдық жерде темекінің тұқылын арнайы жәшікке тастамай жерге тастаған.
Алдағы уақытта Б. берілген ӘҚБтК бабы бойынша жауапкершілікке тартылған.
Сот залында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, ендігі уақытта ондай құқық бұзушылықттарды қайталамауға сөз берді.
Сот Б-ны кінәлі деп танып, бес тәулік мерзіміне қамауға алу әкімшілік өндіріп алу жазасын тағайындады. 

 

Источник: 
Бұқар-Жырау аудандық сотының баспасөз қызметі