Архив событий

10/06/2016

Алқабилер кеңесу бөлмесінің құпиясын бұзды

10/06/2016
Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісіне Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 120 бабының 4 бөлігі бойынша сотқа берілген А.В. Беловты айыптау жөніндегі қылмыстық іс қабылданған (одан әрі ҚК).
Сотталушы қылмыстық істі алқабилер қатысуымен қарау туралы өтінішін білдірілген.

Медиатор арқылы дауды реттеді

10/06/2016
Қарағанды облысы, Бұқар жырау аудандық сотына Д. азаматына қатысты қылмыстық іс түсті.
Сотталушы Д. Қазакстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабы 2-ші бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа жіберілді.

«Миграциялық заңнаманы бұзу» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті

10/06/2016
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік соты «Миграция заңнамасын бұзу бойынша әкімшілік істерді қозғау» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараға сот төрағасы С. Оразбаев, прокуратураның өкілі Д. Нуркеева мен көші-қон полиция бөлімінің басшысы Ж. Жакенова қатысты.

Опасыздық салдары

10/06/2016
Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азамат Ц.-ға қатысты үкім шығарылды.

Сот бұйрығының талаптарын орындамаған

10/06/2016
Қарағанды облысы, Қарқаралы аудандық сотымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 669-бабы (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша азамат К.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды

10/06/2016
Теміртау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 611 бабының 2 бөлімі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.

Тараптар дауды медиация тәртібімен шешу туралы келісімге келді

10/06/2016
Балқаш қалалық сотында талап қоюшы А.-ның жауапкер С.-дан заттай мүлікті талап ету туралы азаматтық ісі қаралды.
Жауапкер талапкермен некесін бұзғаннан кейін ерікті түрде заттай мүлікті қайтаруға ниет білдірмеген, сол себептен меншік иесі өзінің мүлкін бөтен біреудің иелігінен талап етуге мәжбүр болған.

Құқық бұзушыға айыппұл салынды

10/06/2016
Бұқар жырау ауданының №2 аудандық соты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 665 бабы 1 бөлімі бойынша азамат И.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Азамат И. алимент өндіру туралы атқару ісі бойынша борышкер бола, сот орындаушысының атқару ісі бойынша шақыруына белгісіз себептермен келмеген.