Сотпен бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азаматша С.-ға қатысты үкім шығарылды.
2016 жылдың қаңтар айында азаматша С. жәбірленуші Д. екеуі алкогольдік ішімдік ішкен. Одан әрі екеуінің арасында ұрыс-жанжал туындады, нәтижесінде азамат С. ас үй пышағымен жәбірленушіге арқасынан соққы берген. Алған жарақаттан жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болған.
Айыпталушы соттың үкімімен Қазақстан Республикасы ҚҚ–нің 99-бабы 1-бөлігімен - кісі өлтіру, кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, жазасын түзеу колониясының қатаң режимінде өтеуге белгіленген.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі