Архив событий

12/10/2016

сҚарағанды облыстық сотында 2016 жылдың 9 ай аралығындағы соттар жұмысының қорытындысы бойынша кеңес өткізілді

12/10/2016
Қарағанды облысы бойынша соттар әкімшілігі басшысының м.а. Д.Г. Ахашов 2016 жылдың 9 ай ішінде соттар жұмысының қорытындысын жинақтау бойынша кеңес өткізді.
Іс-шараға аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңсе меңгерушілері, облыс соттарының әкімшілігі бөлімдерінің басшылары қатысты.

Кәмелетке толмаған бала Бұқар - Жырау ауданының Керней кентінің балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы білім ұйымына жіберілді

12/10/2016
Балқаш қалалық сотында қаланың техникалық колледжінде оқитын 17 жастағы жасөспірімді Қарағанды облысындағы Бұхар - Жырау ауданының Керней кентінің балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы білім ұйымына жіберу туралы «Қарағанды облысының ІІД Балқаш қаласының ІІБ» ММ-нің арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Қорланса да кешірген жәбірленуші

12/10/2016
Жаңаарқа аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73 бабының 1 бөлігі бойынша азамат А.-ға әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Азамат А. мас күйде болып жұбайы Т.-ға тиісіп, балағат сөздер айтып, қорлап, жанжал көтеріп, үй-ішінің тыныштығын бұзған.

Тұрмыстық қызмет ақысын уақтылы төле!

12/10/2016
Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотында «ГорКомТранс» ЖШС-нің аз. Б.-ға тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару қызметі бойынша қарыз соманы өндіріп алу туралы сот бұйрығын шығару арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Қоғамдық-қауіпті әрекеттердің салдары

12/10/2016
Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотында ҚР ҚК-тің 106-бабының 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша аз. И.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Жұмыстан шығару туралы бұйрық заңсыз деп танылды

12/10/2016
Қарағанды қаласы Қазбек би ауданының №2 аудандық сотымен азамат К.-ның Қарағанды облысының Ішкі істер департаментіне жұмыстан шығаруды заңсыз деп тану және жұмыс орнына қалпына келтіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша хаттама мен қаулының күші жойылды

12/10/2016
Осакаров ауданының №2 аудандық соты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 338 бабы (ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымсыз пайдалану немесе пайдаланбау) бойынша Молодежный кенті тұрғынының «Қарағанды облысы бойынша жер пайдаланалуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ-нің хаттамасы мен қаулысына шағымын қарады.

Қарағанды қаласының Ювеналдық сотында мемлекеттік тілді қолдау бойынша іс – шара өткізілді

12/10/2016
Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қызметкерлері арасында «Тіл мәртебесі-ел мерейі» тақырыбында шығарма жазу байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – сот мемлекеттік қызметкерлердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға қолдау көрсету.

Қазыбек би аудандық сотының төрағасы аудандық сот судьяларымен «Сот актілерін дұрыс әзірлеу» тақырыбында семинар өткізді

12/10/2016
Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотында сот төрағасы Ш.М. Әбдіров «Сот актілерін дұрыс әзірлеу» тақырыбында аудандық сот судьялары Б.Х. Ахметова, А.А. Жошева, А.Б. Мурзабекова, Р.К. Мукатаев, Ж.Н. Шуженов, кеңсе меңгерушісінің м.а. А.К. Кожабаеваның қатысуымен бейне-семинар өткізді.

Октябрь аудандық соты сот кабинеті сервисі мәселесі бойынша ҚР ІІМ академиясының курсанттарына семинар сабақ өткізді

12/10/2016
Қарағанды қаласының Октябрь аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Е.Х. Хуанган Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қарағанды академиясының күндізгі бөлімі 4 курс талапкерлеріне «Сот кабинеті сервисі» тақырыбына дәріс оқыды.
Ербол Хуанган сот кабинеті жұмысының тиімділігін атап өтті.

2016 жылдың 9 айы аралығындағы сот жұмысының қорытындысы бойынша кеңес өткізілді

12/10/2016
Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Р.А. Нұрмағамбетов Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьяларымен 2016 жылдың 9 ай бойынша жұмыс қорытындысына сәйкес жұмыс кеңесін өткізді.

Октябрь аудандық соты медиация мәселелерін және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулысын талқылады

12/10/2016
Қарағанды қаласының Октябрь аудандық сотында «Медиация сұрақтары. Соттардың қылмыстық істер бойынша келісімдік тәртіпте іс жүргізу тәжірибесі туралы ҚР Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулысын талқылау» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Жезқазған қалалық соты, «Медиация дамыту орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігі мен Жезқазған қаласының «Нұр Отан» партиясының филиалы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

12/10/2016
Дауларды баламалы тәсілмен шешу ретінде медиацияны дамыту саласында ынтымақтастық туралы Меморандумға Жезқазған қалалық сотының төрағасы Марат Еркенұлы Кокушев, «Медиацияны дамыту орталығы» РҚБ-нің өкілі Ж.А Есмурзина мен Жезқазған қалалық филиалы «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары Г.И. Каженова қол қойды.

Октябрь аудандық соты сенбілік өткізді

12/10/2016

Қарағанды қаласының Октябрь аудандық соты сот ғимаратына тиесілі аумағын тазалау бойынша сенбілік өткізді.

Қысқы мерзімге дайындыққа және сот ғимараты мен сот аумағының санитарлық жай күйін сақтауға байланысты сот ұжымы кезекті сенбілікке белсенді қатысты. Ұжыммен соттың аумағы жапырақтар мен қоқыстан тазаланды.