Архив событий

24/10/2016

Қарағанды облысының судьялары 2017 – 2020 жылдарға арналған Қазақстан Ресупбликасының сот білімі жобасын талқылады

24/10/2016
Қарағанды облыстық сотында «2017 – 2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сот білімі Стратегиясы жобасын талқылау» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

Сот білім беру грантын оқыту үшін берілген қарызды өндірді

24/10/2016
Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотында «Қаржы орталығы» АҚ-ның аз.«А»-дан білім беру грантын оқыту үшін берілген қарызды өндіріп беруді сұраған талап арызы бойынша істі қарады.
Сот жауапкердің оқуын өтеу үшін университеттің есеп шотына республикалық бюджеттен 394 974 теңге аударылғанын анықтады.

Жезқазған қаласы ювеналдық сотында «Ашық есік күні» өткізіледі

24/10/2016
2016 жылдың 3 қарашасында Қарағанды облысы №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» өткізіліп, Қарағанды облысы №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Шакипов Талғат Мағазұлы азаматтарды сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін қабылдайды».

«Бұлтартпау шаралары» тақырыбында семинар өтті

24/10/2016
Ұлытау аудандық сотында «Бұлтартпау шаралары» тақырыбында семинар  өтті. Іс-шараға судья Е.Бейсембаев пен  кеңсе қызметкерлері қатысты. Талқылау барысында қарастырылып отырған мәселені сот төрағасы С. Сағатов түсініктеме берді.

Сот оңайтылған іс-жүргізу тәртібінде шешім шығарды

24/10/2016
Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотымен талапкер «Қарағанды су» ЖШС талапкер О. аз. қатысты оңайтылған іс жүргізу тәртібімен сумен қамтамасыз ету бойынша қарызды өндіру туралы  азаматтық ісі қаралды.  

Октябрь ауданының №2 аудандық соты дөңгелек үстел өткізді

24/10/2016
Қарағанды қаласы Октябрь ауданының №2 аудандық сотында прокуратура өкілдерінің, теміржол мекемесінің заңгерлерінің қатысуымен «Жұмысқа қайта орналастыру туралы істерді сотта қарау барысында туындайтын мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.