Архив событий

26/10/2016

Есірткі кәсібі үшін 13 жылға бас бостандығынан айырылды

26/10/2016
Қарағанды ​​облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аз.П. қатысты  ҚР ҚК ның 1,3 тармағы, 3-бөлігі, 297-бабы бойынша қылмыстық істер қаралды
Азамат П тұлғалармен келісу арқылы статист Х-ға екі пакет беріп, одан 15 000 теңге алған. Қорытындысы бойынша пакетте 1,58 граммды құрайтын героин болған.

Сотта қылмыстық процессте медиацияны қолдану бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді

26/10/2016
Осакаров ауданының №2 аудандық сотында сот төрағасы К.К. Байғаскиннің төрағалығымен «Қылмыстық процессте медиацияны қолдану» тақырыбындағы Молодежный кентіндегі кәсибі емес медиатор Е.М. Врона, Осакаров ауданы ІІБ Молодежный кенттік полиция бөлімшесінің қызметкерлерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді.

Көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін әкімшілік жауаптылық

26/10/2016
Шахтинск қаласының мамандандырылған әкімшілік соты алкогольдік масаң күйде автокөлік құралын Қарағанды облысы Новодолинский кентінде басқарып, полиция қызметкерлерімен ұсталынған азамат С-ға қатысты әкімшілік іс қарады. Медициналық куәландыру қорытындысы бойынша азамат С. алкогольдік орташа масаң күйде болғаны анықталды.

Жанұялық ұрыс жанжал үшін ескерту

26/10/2016
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы 1-бөлігіне сәйкес А-ға қатысты әкімшілік іс қарастырылды.
Азамат А. алкогольді мас күйінде өзінің қызымен ұрыс жанжал шығарған, және балағат сөздер айтқан, қой дегенге көнбеген.

Сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу

26/10/2016
Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесу» тақырыбында семинар өтті.
Шараға сот судьялары және мамандар қатысты.

Сәтбаев қалалық соты ішінара талап қоюшының талабын қанағаттандырды

26/10/2016
Сәтбаев қалалық сотымен талапкер аз.Т. жауапкер «Казахмыс Корпорациясы» ЖШС мен «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС-нен мәжбүрлі түрде уақытша еңбекке жарамсыздық парағына өзгеріс тер жасау, өндірістік бөлу және бір жолғы төлем төлеу туралы азаматтық ісі қаралды.

Отбасынды сүй және сыйла

26/10/2016
Осакаров аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-тің 73 бабының 1 бөлігі бойынша азамат М.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Азамат М., шамамен сағат 00.30 үйіне мас күйінде келіп, шешесінің теледидарды өшірші деген ескертуіне жанжал шығарып, балағат сөздер айтқан.

Ұсақ бұзақылық үшін айыппұл

26/10/2016
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат И.-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөліміне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.
Азамат И. қоғамдық орнында болып, шемішкенің  қалдығын жерге тастады, осы істеген іс әрекеттерімен  бұзақылық жасады.

Қазыбек би аудандық сотында "Ашық есік күні" өткізілді

26/10/2016
Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының төрағасы Шахатбек Мәжітұлы Әбдіров «Ашық есік күнін» өткізді.
«Ашық есік күні» халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне деген сенім деңгейін көтеру, сонымен қатар сот төрелігін қолжетімді ету мақсатында өткізіледі.

Анасымен ұлы сотта татуласты

26/10/2016
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР ӘҚбҚ-нің 73 бабы 1 бөлімімен  азамат Г. қатысты әкімшілік іс қаралды.
Азамат Г. Уйінде анасына отбасылық-тұрмыстық жанжал көрсете отырып, дау кезінде ол өзін агрессивті ұстап, ескертуге мән бермей, анасының намысына келетін сөздер айтқан.

Қоқыс тастағаны үшін қамауға алынды

26/10/2016
Шахтинск қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Г. азаматына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес екі әкімшілік іс қарады.

Студенттермен кездесу

26/10/2016
Еліміздің тәуелсіздігінің 25-жылдық мерейтойының қарсаңында Қарағанды қаласының Октябрь аудандық сотының судьясы Ш. Ғаниолла Қарағанды политехникалық университетінің студенттеріне дәріс сабағын өткізді.

Масаң күйде рөлге отыру-жол көлік қозғалысы қатысушыларына қауіп тигізудің қайнар көзі

26/10/2016
Автокөлікті мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жазаның қатаңдауына қарамастан, көлікті мас күйінде басқарған жүргізушілердің салдарынан болатын жол көлік оқиғалары азаяр емес.

Атқарушылық өндірісін тоқтату туралы қаулы заңсыз деп танылып, күші жойылды

26/10/2016
Шет аудандық сотының өндірісінде «Валют Транзит Банк» АҚ-ның мемлекеттік сот орындаушысының атқарушылық өндірісін тоқтату туралы қаулысын заңсыз деп тану және күшін жою туралы шағымымен қозғалған азаматтық ісі қаралды.

«Әнге қосам, елім менің Қазақстан» атты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жылдығы мен Қарағанды облысының 80 жылдығына арналған Осакаров ауданында байқау өткізілуде

26/10/2016
Осакаров ауданының әкімі Қайрат Шайжановың жолдамасымен Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Осакаров кентінде 16 қыркүйегі мен 25 қарашасы аралығында Осакаров кентінің аудандық Мәдениет үйінде кент және селолық округтер мен мекемелер арасында  «Әнге қосам, елім менің Қазақстан» атты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жылдығы мен Қарағанды облысының 80 жылдығына арналған Осакаров ауданында байқау өткізілуде.

«Жауапкершілік, қауыпсіздік, көмек»

26/10/2016
Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының психологі Ю.Л.Верхуша «Жауапкершілік, қауыпсіздік, көмек» аты модульдік тақырыбына ашық сабақ өткізді.