Архив событий

13/10/2016

Сотпен көлік салығы бойынша борыш өндірілді

13/10/2016
Ұлытау аудандық соты «Ұлытау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-нің Жезді кентінің тұрғынынан көлік салығы бойынша борышты өндіріп алу туралы арызды қарады.

Ұлытау аудандық сотымен кезекті сенбілік өтті

13/10/2016
Ұлытау аудандық сотымен сот ғимаратының аумағына тазалық жұмыстары жүргізіліп, кезекті сенбілік іс-шарасы өткізілді.
Сот ғимаратының және оған қатысты аумақтың санитарлық жай-күйі дұрысталып, қысқы мезгілге дайындық жұмыстары жүргізілді.

Сотталған Ю.Д. Пакқа қатысты қылмыстық іс бойынша аудандық сотта баспасөз мәжілісі өткізілді

13/10/2016
Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотында сотталған Ю.Д. Пакқа қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 273 бабы (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) қылмыстық ісі бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін баспасөз мәжілісін өткізді.

Іс медиация тәртібімен татуласуға байланысты аяқталды

13/10/2016
Жәбірленуші Р. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 108 бабы (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша жеке шағыммен сотқа жүгінген.
Істі мәні бойынша қарау барысында тараптар дауды өзара реттей отырып, қылмыстық істі медиация тәртібімен шешу қорытындысына келді, яғни тараптар өзара татуласып, жәбірленуші өзінің шағымынан бас тартты.

Сотпен көлік салығы бойынша борыш өндірілді

13/10/2016
Осакаров ауданының №2 аудандық соты «Осакаров ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-нің Сарыөзек ауылының тұрғынынан көлік салығы бойынша борышты өндіріп алу туралы арызды қарады.

Дұрыс қолдау

13/10/2016
Кәмелетке толмағандардың өмірінде қоршаған ортасындағы үлкендердің рөлі өте маңызды, солардың бірі У. өмірі мысал болды.

Сотпен еңбек өтілімі расталды

13/10/2016
Бұқар-Жырау ауданының №2 аудандық сотында азаматша З.-ның еңбек өтілімі заңды фактісін анықтау туралы арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Дауды медиация тәртібінде реттеу келісімі бекітілді

13/10/2016
Осакаров ауданының №2 аудандық сотпен қолхат бойынша борышты өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі бойынша дауды медиация тәртібінде реттеу келісімі бекітілген.
Сот мәжілісі барысында, тараптар медиация тәртібінде келісімін бекіту туралы қолдаухатпен сотқа жүгінген.

Шет аудандық соты «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысты

13/10/2016
Жыл сайын Қазақстан Республикасының аумағында «Мектепке жол» дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясы өткізіледі.
«Мектепке жол» акциясының басты мақсаты – аз қамтылған және көп балалы жанұядан шыққан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мектепке дайындалуға көмек көрсету.

Спиртті ішімдіктерді ішудің салдары

13/10/2016
А. өзінің таныстарымен бірге кафеде ішімдік ішіп отырған. Ішімдік ішу барысында А. көрші үстелде отырған бұрын танымаған П.-ға қатты сөйлеп және күліп отырғаны үшін ескерту жасаған. Соның нәтежиесінде А. мен П. арасында жанжал туған. А. ішімдіктің және ашудың әсерінен такси шақырып, өзінің ағасының үйіне барып заңсыз сақталып тұрған мылтықты алып кафеге келіп, П.-ның арқасынан атқан. Нәтежиесінде П. ауруханаға жеткізіліп келтірілген жарақаттан көз жұмған.

Алкоголь өнімін 21-00 сағаттан қайталап сату үшін айыппұл салынды

13/10/2016
Осакаров ауданының №2 аудандық соты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 200 бабының 4 бөлігі бойынша (мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда өткiзудi қоспағанда, алкоголь өнiмiн: сағат 23-тен келесі күнгі сағат 8-ге дейiн; этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатындарын сағат 21-ден келесі күнгі сағат 12-ге дейін бөлшек сауда арқылы өткiзу) Молодежный кентінің тұрғынын кінәлі деп таныды.

Сот маскүнемдіктен мәжбүрлеп емделуге жіберді

13/10/2016
Осакаров ауданының №2 аудандық соты Мирное ауылы тұрғынына қатысты «Осакаров ауданы бойынша Орталық аудандық ауруханасы» КМК бастығы орынбасарының маскүнемдіктен мәжбүрлеп емделуге жіберу туралы арызын қарады.