Дауды медиация тәртібінде реттеу келісімі бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Осакаров ауданының №2 аудандық сотпен қолхат бойынша борышты өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі бойынша дауды медиация тәртібінде реттеу келісімі бекітілген.
Сот мәжілісі барысында, тараптар медиация тәртібінде келісімін бекіту туралы қолдаухатпен сотқа жүгінген.
Келісімге сәйкес талапкер талап арыздан бас тартады, ал жауапкер 239 978 теңге сомасын келесі жағдайда төлеуге міндет етеді: жауапкер қарыз жартысын 01.11.2016 жылға дейін төлейді, қалған соманы 20.11.2016 ж. дейін төлейді.
Азаматтық іс бойынша өндіріс қысқартылды. Төленген мемлекеттік баж салығы азаматтық–процессуалдық заңнамасына сәйкес талапкерге қайтарылды.
Ұйғарым заңды күшіне енбеген.
Қайнар: 
Осакаров ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі