Архив событий

20/10/2016

Көрінеу жалған терроризм актісі туралы қылмыстық іс қаралды

20/10/2016
Қазыбек би аудандық сотының 2016 жылдың 6 қазанда Гиниатуллин Григорий Явитович ҚК-нің 273 бабы тармағымен Көрінеу жалған терроризм актісі туралы кінәлі деп танылды. Оған мерзімі 1 жыл 6 ай  бас бостандығынан айыру жазасы таныла отырып, жалпы түзету режимді колониясына жіберілді.

Есірткі, психотроптық заттармен заңсыз жұмыс істеу

20/10/2016
Қарағанды облысының № 2 кәмелетке толмағандардың істері  жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелеттік жасқа толмаған О-ға қатысты ҚР ҚК 296 бабының 2 бөлігімен яғни есірткі, психотроптық заттармен заңсыз жұмыс істеу бойынша қылмыстық ісі қаралды.

Хулиганство, совершенное несовершеннолетним

20/10/2016
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен  азаматша Б. қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 435 бойынша (он төрттен он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық) әкімшілік іс қаралды.

Қоқыс тастағаны үшін қамауға алынды

20/10/2016
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен С. азаматына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қарады.
Азамат С. көшеде тұрып темекінің қалдығын жерге тастады, сөйтіп ол өзінің іс-әрекетімен ортақ пайдаланатын қоғамдық жерді ластаған.

Балқаш қалалық соты 2016 жылдың 9 айында атқарылған сот төрелігінің қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді

20/10/2016
Балқаш қалалық соты 2016 жылдың 9 айында атқарылған сот төрелігінің қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді.
Соттың бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс бойынша үйлестіруші - судья Н.М.Берликешева объективтiстатистикалық мәліметтер мен сот төрелігінің қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді.

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргені үшін сотталды

20/10/2016
Қарағанды облысы Осакаров аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 106 бабы 1 бөлігімен (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) азамат Ч.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Мас күйінде азамат Ч. пышақпен азамат Л.дың көкірек тұсынан соққы жасаған.

Құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

20/10/2016
Қарағанды облысы №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 133 бабының 1 тармағының талаптарына сәйкес, (он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекiнi және темекi бұйымдарын сату және олардың сатуы бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды).

Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында баспасөз конференциясы өтті

20/10/2016
Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының ғимаратында төраға К.Б.Имашевпен бұқаралық ақпарат құралдарымен өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Баспасөз конференциясында өзекті, қызығушылық сипатта болу мүмкін, әкімшілік істер туралы және 2016 жылдың 9 айы аралығындағы соттың жұмыс қорытындысы туралы айтылды.