Іс әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы жоғына сәйкес қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Бұқар Жырау ауданының №2 аудандық сотында аз. Б.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 200 бабының 3 бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Аз. Б. сағат 22.10–де өзінің үйінде 0,5 литр, 30 пайыздан көп этил спирті бар «Пшеничная» - атты 400 теңгеге аз. К.-ға сатқан, осыған сәйкес сағат 21–ден бастап келесі күннің сағат 12–ге дейін алкогольді затты сатуды жіберді.
Аз.Б. кәсіпкерлік қызметпен айналыспаған, алкогольді затты алып-сату туралы лицензиясы жоқ, осыған орай осы әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектісі бола алмайды.
Сот қаулысымен аз. Б.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс ҚР ӘҚБтК-нің 200 бабының 3 бөлігі бойынша бұзушылықтың құрамы жоғына сәйкес қысқартылды.

 

Қайнар: 
Бұқар Жырау ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі