Архив событий

02/03/2017

Қылмыстық іс медиация тәртібімен аяқталды

02/03/2017

Нұра аудандық соты ҚР ҚК 188 бабының 2 бөлігі 3 тармағы, яғни, «ұрлық» фактісі бойынша қылмыстық істі қарады.

Айыпталушы азамат мас күйінде көшемен келе жатып, бөтен үй есігінің ашық жатқанын көреді. Ешкім бақылап тұрмағанына көзі жеткен соң, ішке кіріп төр бөлмеде жатқан «Samsung Duos» маркалы ұялы телефонын жымқырған.

Қайта жөндеу жұмыстарын ескертусіз жүргізген

02/03/2017

Шахтинск қаласының мамандандырылған әкімшілік соты, «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ-нен келіп түскен арыз бойынша әкімшілік құқық бұзушылық ісін қарады.  

Сот шешімімен тәрбиеші жұмысқа қайта қабылданды

02/03/2017

Осакаров аудандық сотына азамат Ш., жұмыс істейтін жеріндегі басшылықтың әрекетіне қатысты талап арызбен жүгінді.

Сот отырысында шағымданушы өзіне қатысты тәртіптік жазалардың заңсыз екенін және жұмыстан шығару шешімімен келіспейтінін айтты.

Сот бұйрығы шығарылды

02/03/2017

Ақтоғай аудандық сотында жер салығын өндіріп алу ісі қаралды. Қарағанды қаласы Октябрь ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, Жидебай ауылдық округінің тұрғынынан 19 300 теңге жер салығын өндіру туралы арыз берген.

Пара беру бойынша іс қаралды

02/03/2017

Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотында ҚР ҚК 367 бабы 1 бөлімінде (пара беру) көзделген қылмысты жасады деп айыпталып отырған азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Жасөспірімге алкоголь өнімдерін сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

02/03/2017

Қарағанды облысының Ақтоғай аудандық сотында Жидебай ауылдық округінде орналасқан «Дастан» дүкенінің иесіне қатысты әкімшілік іс қаралды.

2017 жылдың 19 ақпан күні сағат 17.05 шамасында «Дастан» дүкенінің иесі К., жиырма бір жасқа толмаған азамат Б.-ға сыра сатып, оның жасын сұрамаған.

Осакаров аудандық соты «Ашық есік күнін» өткізді

02/03/2017

Осакаров аудандық сотының Төрағасы Е.Оспанов «Ашық есік күні» аясында тұрғындарды қабылдады.

Әр азаматтың проблемасы тыңдалып, шешімі табылмай жүрген мәселелерге қатысты заң-құқық тұрғысынан көмек көрсетілді.

Медиация тәсілімен қылмыстық істің тағдыры шешілді

02/03/2017

Қарағандыда медиация тәртібімен шешімін тауып жатқан істер қатары артып келеді. Қазыбек би аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК 187 бабы 1 бөліміне (ұсақ-түйек жымқыру) сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деп кінәланып отырған азаматтың ісі қаралды.

Соттың көмегімен шешілді

02/03/2017

Қазыбек би ауданының №2 аудандық соты шағымданған азаматтың еңбек өтіліне қатысты туындаған проблемасын шешуге көмектесті. Оның айтуы бойынша, 20.07.1974 жыл мен 24.08.1975 жыл аралығында сегіз жылдық мектепте дене шынықтыру мұғалімі болып жұмыс істегенін мәлімдеді.

Ұлытау аудандық сотында медиация мәселелері бойынша семинар өтті

02/03/2017

Маңызды жиынға сот төрағасы С.С.Сағатов, судья Е.Бейсембаев, аудан әкімінің орынбасары Е.Өткелбаев пен аппарат жетекшісі Ғ.Дүкембаев қатысты. Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелердің заңгерлері мен селолық округтердің әкімдері шақырылды