Архив событий

06/03/2017

Қарызын қайтару үшін сотқа жүгінді

06/03/2017

Қарағанды қаласының Октябрь аудандық соты қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық істі қарады.

ҚР Азаматтық Кодексінің 722 бабына сәйкес, қарыз алушы шартта көзделген тәртіппен мерзімінде қарызды қайтаруға міндетті.

Экономикалық сот медиацияға жиі жүгінеді

06/03/2017

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер арасындағы дау Қарағанды облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында реттелді.

Тараптар дауды медиация тәртібі арқылы реттеуге келісті.

Сот шешімін орындау кезек күттірмес мәселе

06/03/2017

2011 жылғы Сәтбаев қалалық сотының алимент өндіру туралы сот шешімі әлі орындалмай келеді. Осыған орай Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669 бабына сәйкес (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) әкімшілік іс қаралды.

Отбасы тыныштығы қашан да маңызды

06/03/2017

Сәтбаев қалалық сотымен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қаралды.

Айыпталушы өзінің үйінде әйелімен жанжалдасып, оған балағат сөздер айтқан. Бұл әрекет отбасылық қарым–қатынаста тұратын тұлғаға қатысты құқық бұзушылық деп есептеледі.

Дау-жанжалдарды сотқа дейінгі реттеу жайы қаралды

06/03/2017

Шахтинск қалалық сотының судьялары медиация тәртібімен қаралатын істердің сапасын арттыру жайын сөз етті. Пилоттық жобаның ережелерін талқылап Қарағанды облыстық сотына ұсыныстар жолдады.

Қазіргі таңда күнделікті күйбең тірлікте болып жататын дау-дамайларды сотқа жеткізбей, тараптарды татуластыру арқылы шешу тәжірибесі кең етек жайып келеді.

2017 жылдың негізгі құжаты талқыға түсті

06/03/2017

Шахтинск қалалық сотында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Халыққа арнаған кезекті Жолдауы талқыланды.

Ерекше ден қойылған жайт – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі. Сондай-ақ, қылмыстық және әкімшілік заңнаманы ізгілендіру жолдары.

Бала құқықтары басты назарда

06/03/2017

Балқаш қалалық сотында «Бала құқықтары туралы Конвенция» талқыға түсті.

Дөңгелек үстелге Балқаш қалалық сотының судьялары, қалалық прокуратураның прокуроры А.Күлпеисов пен жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Р.Р.Ильдебаев қатысты.

Салауатты өмір – салтанатты өмір

06/03/2017

Ақтоғай ауылының спорт кешенінде жергілікті мекемелер арасында волейболдан жарыс өтті.

«Жастармен жұмыс орталығының» ұйымдастыруымен болған спорттық шара «8 – наурыз Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орайластырылған. Сайысқа аудандық соттың да қызметкерлері қатысты.