Архив событий

14/03/2017

Өз міндеттерін тиісті емес орындағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды

14/03/2017

Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 149-бабының 1-бөлігі бойынша П. азаматшасына қатысты әкімшілік іс қарастырылды (террористiк тұрғыдан осал объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегiмiндеттердi орындамау және (немесе) тиiсiнше орындамау).

Қазақстан Республикасының шекарасынан шығарылған

14/03/2017

Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігі бойынша Өзбекістан Республикасының азаматшасына қатысты әкімшілік іс қарастырылды (шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы).

«Студиядағы қонақ» бағдарламасында судьяның сұхбат беруі

14/03/2017

Теміртау қалалық сотының судьясы, БАҚ-пен қарым қатынастар бойынша үйлестіруші  Е.Э.Дусалиев «Студиядағы қонақ» ТТК «Теміртау жаңалықтары» телебағдарламасында «Өзге санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сот алдындағы дауды реттеу пилоттық жобасының бекітілгендігі» жөнінде сұхбат берді.

Шығудан бастартқаны үшін қамақ салынды

14/03/2017

Бұқар жырау ауданының №2 аудандық сотымен әкімшілік құқық бұзушы Б. қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 517-б. 4б. сәйкес әкімшілік іс қарастырылды.

Былапт сөйлегені үшін айыппұл салынды

14/03/2017

Шахтинск қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен И. азаматшасына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қарады.

Азаматша И. Шахтинск қаласының Бирюзова көшесіндегі мас күйінде былапыт сөйлеген.

Сот материалдық шығынды өндіріп алды

14/03/2017

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының №2 аудандық сотымен талап қоюшы М. жауапкер А. материалдық және төленген мемлекеттік баж салығын, қозғалатын мүлікті бағалауға кеткен шығынды, почталық шығынды, моральдық шығынды өндіріп алу туралы талап қою арызына сәйкес азаматтық іс қарастырылды.

«Ашық есік күні» іс-шарасы өтті

14/03/2017

Шет аудандық сотының төрағасы Д.Қ.Бурабаев Кеншоқы ауылдық округ әкімдігінің ғимаратында кезекті «Ашық есік күні» іс- шарасында азаматтарды қабылдау өткізді. Ауыл тұрғындары өздерінің сауалдарына, яғни тұрғын үйге жеке меншік құқықты тану, мұрагерлікті дұрыс рәсімдеу, еңбек өтілімін анықтау, еңбек кітапшасын өзіне тиесілі деп тану туралы заңды маңызы бар фактіні анықтау туралы сұрақтарға кеңес алды.

«Рақымшылық туралы» Заңды түсіндіру бойынша брифинг өтті

14/03/2017

Қарағанеды облысы Қарқаралы аудандық сотында сот төрағасы Қасымбеков М.З., аудан прокуроры Каржасов Т.Б., Қарқаралы ауданы бойынша пробациялық қызмет басшысы Тусупов Б. А., заң консультациясының меңгерушісі Омарова Г.З. және «Қарқаралы» аудандық газетінің тілшісі Ыдырысов Д. қатысуымен брифинг өтті.

Шахтинск қалалық сотының төрағасы азаматтарды қабылдау бойынша іс-шара өткізді

14/03/2017

Шахтинск қалалық сотының төрағасы Д.А.Дәуітов азаматтарды қабылдады.

Шахтинск аймағының, Долинка кентінде түзеу мекемесіндегі туысын мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы сұрағымен азаматша С.жүгінді.

Бас есепші өз міндеттерін тиісінше орындамады

14/03/2017

Қарағанды облысы Ұлытау аудандық сотымен бас есепші О деген азаматшаға қатысты әкімшілік іс қаралды, ол бір жыл ішінде қайтадан, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есптілік туралы заңнамасында көзделген міндеттерді тиісінше орындамаған.

Сот отырысында аз. О. кінәсін толықтай мойындамады.

Сотқа дейінгі тергеу мәселесі бойынша дөңгелек үстел

14/03/2017

Қарағанды қаласы Октябрь ауданының №2 аудандық сотында құқыққорғау органдары – Теміржол ПБ-нің, Қарағанды-Сұрыптау бекетіндегі ЖІІБ-ның өкілдерінің, Қарағанды қаласы Октябрь аудандық прокуратурасының өкілінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізіліп, қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеу мәселелері қаралды.

Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында «Дөңгелек үстел» өтті

14/03/2017

Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында «Әкімшілік істерді қарау барысында адамдардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау» тақырыбында «Дөңгелек үстел» өтті.

Сот ғимараттарына кіру тәртібі мен сот процестеріне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайында семинар-кеңесі өтті

14/03/2017

Теміртау қалалық сотында сот ғимараттарына кіру тәртібі мен сот процестеріне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайында семинар-кеңесі өтті.

Осы іс-шараға Теміртау қалалық сотының кеңсе меңгерушісі А.В. Гринькова, Теміртау қалалық сотының сот  жасауылдары және «ҚҚМБ» ММ-нің  өкілдері қатысты.

Өзгертілген және тоқтатылған сот актілері талқылауға салынды

14/03/2017

Заңнаманың біркелкі қолданылуы мен жіберілуі мақсатында Шахтинск қалалық сотында азаматтық және қылмыстық істер бойынша Қарағанды облысының тоқтатуға және өзгертуге ұшыраған шешімдері, қалалық сот бұйрығы мен сот актілерін орындау бойынша сот коллегиясының қаулылары семинарда талқылауға салынды.

Сот отырысының хаттамаларын әзірлеу, сот отырысының басталу және аяқталу уақытын сақтау» тақырыбында семинар-кеңес

14/03/2017

Қарқаралы аудандық сотында «Сот отырысының хаттамаларын әзірлеу, сот отырысының басталу және аяқталу уақытын сақтау», «Тұлғаларды сот отырысына шақыру» тақырыбында семинар-кеңес өтті.

Шараға кеңсе меңгеруші мен кеңсе мамандары қатысты.

«Алкоголизммен ауыратын азаматты наркологиялық ұйымға, мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы істер бойынша туындаған мәселелер»

14/03/2017

Балқаш қалалық сотында «Алкоголизммен ауыратын азаматты наркологиялық ұйымға, мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы істер бойынша туындаған мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Үлгі сот мәжілісі көшпелі түрде өткізілді

14/03/2017

Қазақстан Республикасының Президентінің Елге жолдауын, «Қазақстан-2050» Стратегиясын» орындау және әкімшілік құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Теміртау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Ж.Б.Шортанбаевның төрағалық етумен Теміртау қаласының прокуратурасымен бірлесе отырып Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 434 бабының 1 бөлігіне сәйкес жасаған әкімшілік құқықбұзушылықтар үшін Теміртау қаласының тұрғындарына қатысты үлгі сот ре

Сот приставтары туралы

14/03/2017

Қарағанды қаласының Октябрь аудандық соты сот мамандары және сот приставтары қатысуымен сот приставтарының басты міндеттерін талқылау мақсатында семинар өткізілді.

Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қ.Ә. Қасымов грамотамен марапатталды

14/03/2017

Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қайрат Әуезханұлы Қасымов Қарағанды облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздігі комитеті департаментінің басшысы атынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне қосқан ерен үлесі үшін грамотамен марапатталды.