Архив событий

15/03/2017

Сотта семинар-кеңес өткізілді

15/03/2017

Қарағанды қаласы Октябрь ауданының №3 аудандық сотында кеңсе меңгерушісі Е.Е. Қиясовпен Төрелік базасына есептік құжаттарды толтыру және статистикалық есепті қалыптастыру сұрақтары бойынша семинар-кеңес өткізді.

Жолдағы жауапсыздық жағымсыз жағдайларға әкеліп соқтырады

15/03/2017

Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610- бабының 2-бөлігіне сәйкес (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы) С.азаматына әкімшілік іс қарастырылды.

Жүргізушілер, масаң күйде көлікті басқарудың зардабы –қайғылы жағдайда апаратынын ұмыпаған жөн

15/03/2017

Осакаров аудандық сотымен Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608 –бабының 3-бөлігімен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік күйде басқарып, көлік құралдарын бүлдіруі ) аз.Е.-ге қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Отбасылық дау бітімгершілікпен аяқталды

15/03/2017

2017 жылғы 19 ақпанда өз үйінде жұбайымен сөз таластырып, артынша жұбайының бетіне соққы жасап, тамағынанан ұстап, қиқындырып, жәбірленушінің денсаулығына жеңіл жарақат салған  П-ны айыптау бойынша қылмыстық істі қарау барысында сот қаулысымен медиация тәртібімен келісім бекітілді.

Маскүнемдік неге әкеліп соқтырады

15/03/2017

Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен И., азаматына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 440-бабының 4-бөлігіне сәйкес (алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу).

«Шахтер футбол клубы» бойынша сот шешімі заңды күшіне енді

15/03/2017

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер жеке кәсіпкер Олег Адольфович Ереминнің жауапкер акционерлік қоғамына 2015 жылдың 6 маусымындағы агенттік келісім шарт бойынша 28 458 000 теңге мөлшеріндегі қарызды өндіру және талапкер "Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" ММ-нің жауапкер «Шахтер футбол клубы» акционерлік қоғамы, Олег Адольфович Ереминнге дауланған келісім шарттқа қоса қосымша келісімдермен бірге 2015 жылдың 6 маусымындағы

Семинар өткізу туралы пресс-релиз

15/03/2017

Қарағанды қаласы Октябрь ауданының №2 аудандық сотында судьяларға арнап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын  талқылау үшін семинар сабағы өткізілді.

Мамандарды марапаттау туралы

15/03/2017

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Т. Тоқболатовпен, «Қарағанды облысы бойынша соттар әкімшісі» РММ-нің басшысы Б.Нұрпейісовтың атынан лауазымдық міндеттерін үлгілі әрі адал орындағаны, жұмыста қол жеткізген табыстары мен жоғары көрсеткіштері үшін сот мамандары-сот отырысының хатшылары Г. Файзуллаева, С.Инербаева, Ә.Жанаева және қызметтік бөлмелерді жинап –тазалаушы Р.Якупова алғыс хаттарымен марапатталды.