Архив событий

03/03/2017

Соттың көмегімен оң шешімін тапты

03/03/2017

Қарағанды қаласының Октябрь аудандық соты еңбек өтілін анықтау туралы азаматтық істі қарады. 

Зейнет жасына жетуіне байланысты, шағымданушы азамат «ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Қарағанды облысы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті» РММ-не зейнетақасын рәсімдеу үшін құжаттар тапсырған.

Сот жалғызбасты анаға алимент өндіруге көмектесті

03/03/2017

Қазыбек би ауданының №2 аудандық соты жалғызбасты ананың еншісіне әкесінен алимент өндіру туралы бұйрық шығарды. Ұсынылған құжаттарға сәйкес бала анасының асырауында.

Кәмелет жасқа толмаған балаларын асырау міндеті Қазақстан Республикасы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 138-бабымен анықталған.

Гендерлік саясаттың сұрақтары талқыланды

03/03/2017

Қарағанды облысы Ұлытау аудандық сотында гендерлік саясатқа байланысты семинар сабақ өтті. «Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы Конвенция нормаларын  талқылау» тақырыбында кеңсе меңгерушісінің м.а. С.М.Бухарова баяндама жасады. Ол өз сөзінде еліміздің адам құқықтары бойынша 20-дан астам шарттар мен конвенциялардың қатысушысы екенін атап көрсетті. Еліміздегі ерлер мен әйелдер теңдігі, балалар мен нәзік жандарды қорғау жайы сөз болды.

Келімсекке қатысты кесім шығарылды

03/03/2017

Қарағанды облысы Ұлытау  аудандық соты ішкі істер органдарына уақытылы тіркелмеген Өзбекстан азаматына қатысты әкімшілік істі қарады.

Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындады.

Сот рақымшылық жасады

03/03/2017

Ұлытау аудандық соты ұрлық үшін 2 жылға сотталып, мүлкі тәркіленген азаматқа рақымшылық жасады. Сот шешімі «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық туралы» заңына сүйеніп отыр.

Алимент төлемейтіндер қатары азаймай отыр

03/03/2017

Қарағанды облысы Ұлытау аудандық сотында 977 969 теңге көлеміндегі алиментті төлемей, сот орындаушының қаулысын ұзақ мерзім бойы елемей келген азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық ісі қаралды.

Балқаш қалалық сотында коммуналдық қызмет дауларына қатысты дөңгелек үстел өтті

03/03/2017

Балқаш қалалық сотында «Төленбеген коммуналдық қызмет бойынша дауларды сотқа дейінгі медиативті түрде реттеу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Отырысқа Балқаш қалалық сотының судьялары, коммуналдық қызметтің өкілдері мен журналистер қатысты. 

Медиация- уақыт талабы

03/03/2017

Қаражал қалалық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабы 2 бөлімінің 3 тармағымен аз.З-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Адам құқықтары басты назарда

03/03/2017

Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында дөңгелек үстел өтті. «Әкімшілік істерді қарау барысында адамдардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау» тақырыбындағы жиынның жұмысына судьялар мен сарапшылар қатысты.