Архив событий

28/06/2017

Қарағанды облысының МАЭС төрағасы БАҚ өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтады

28/06/2017

Байланыс және ақпарат мамандары күні мерекесіне орай сот төрағасы Талғат Тоқболатов БАҚ өкілдері - В. Елизарованы, Е. Ульянкинаны, Н. Кравецті, Т. Шарипованы, Ә. Жетпісбаеваны, А. Балакешованы кәсіби мерекесімен құттықтады.

Заңсыз қару сақтағаны үшін сотталды

28/06/2017

Бұқар жырау ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-тің 287-бабының 2–бөлігі бойынша (Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, сол сияқты оның патрондарын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау және алып жүру) азамат Ф.-қа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қарағанды қаласының Октябрь ауданының соттары БАҚ өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтады

28/06/2017

Ақпарат және байланыс қызметкерлері күні мерекесіне байланысты Қарағанды қаласының Октябрь аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Е. Хуанган, Қарағанды қаласының Октябрь ауданының №2 аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Ж. Бадыров, Қарағанды қаласының Октябрь ауданының №3 аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Е. Киясов бірлесе отырып БАҚ өкілдерін – Т. Шарипованы, У. Бекимованы, А. Былкилованы кәсіби мерекесімен құттықтады.

Шет аудандық сотының төрағасы БАҚ өкілдерін Байланыс және ақпарат мамандары күнімен құттықтады

28/06/2017

Шет аудандық сотының төрағасы Дулат Бурабаев жергілікті баспасөз ақпарат құралдарының өкілдерін - «Шет Шұғыласы» газетінің бас редакторы М. Садуакасовты, «Толағай» әдеби-танымдық газетінің бас редакторлары С. Жосалбайды және осы кісілер басқарып отырған ұжым қызметкерлерін, бірнеше жыл осы салада қызмет еткен зейнеткер Б. Тойшыбековты кәсіби мерекесі Байланыс және ақпарат мамандары күнімен құттықтады.

Теміртауда бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін құттықтады

28/06/2017

Теміртау қалалық соты Теміртау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен бірлесіп «Зеркало» және «Отан-заман» газеттерінің қызметкерлерін Байланыс және баспасөз қызметкерлерінің күнімен құттықтады.

Сот шешімін орындамағаны үшін жазаға тартылды

28/06/2017

Қарқаралы аудандық сотының қаулысымен уақытша жұмыссыз азамат М. алимент өндіру туралы сот бұйрығын орындамағыны үшін 2 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды.

Борышкердің 2 балаға алимент бойынша берешегі 882 957 теңгені құрайды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама мемлекеттік сот орындаушымен толтырылған.

Балқаш қалалық соты және Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік соты журналистерді құттықтады

28/06/2017

Балқаш қалалық және Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік соттарымен Байланыс және баспасөз қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай аймақтық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен телеарна қызметкерлерінің қатысуымен салтанатты шара өткізілді.