Архив событий

13/06/2017

Төлемді бөліп алу шарты бойынша берешекті өндіріп алу туралы

13/06/2017

Балқаш қалалық соты бөліп төлеу шарты бойынша берешекті өндіріп алу туралы азаматтық ісін қарады.

2015 жылдың қазан айында тараптардың арасында жасалған шартқа сәйкес, жауапкер талапкерден құны 33 200 теңге тұратын затты сатып алып, көрсетілген соманы 2016 жылдың ақпан айына дейін қайтаруды міндетіне алған.

Жезқазған ювеналдық соты кәмелет жасқа толмаған жасөспірімді жат мінез-құлқы үшін арнай мектеп-интернатқа орналастырды

13/06/2017

Қарағанды облысы № 2 кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Жезқазған қаласының ішкі істер басқармасының арызы бойынша кәмелеттік жасқа толмаған Г.-ні Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Керней кентінде орналасқан арнайы мектеп-интернатқа 11-айға жіберу туралы азаматтық іс қаралды.

Санитарлық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл салынды

13/06/2017

Шет аудандық сотымен жеке кәсіпкерлерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 463б. 1б. қозғалған әкімшілік істері қаралды (Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды)жүзеге асыру).

Әскери қызмет саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін қамауға алныды

13/06/2017

Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында К. әскери қызметшіге қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 652-бабының 1,3,6-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қарастырылды (Қазақстан Республикасының әскери қызмет саласындағы заңнамасын бұзу).

МАЭС оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен жауапкерден 65 миллионнан аса теңге өндірді

13/06/2017

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен ЖШС-нің талабы бойынша АҚ-нан 65 494 666 теңге мөлшерінде берешек соманы өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап арыздың мазмұны бойынша, тараптар арасында қызмет ету туралы келісім-шарт жасалған.

Қылмыстық іс тараптардың татуласуына байланысты қысқартылды

13/06/2017

Қарағанды облысы №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК-нің 139 бабы бойынша аз.Ш қатысты қылмыстық іс қаралды. (балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару).

Егіндібұлақ селосының сотында даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу туралыпилоттық жоба бойынша дөнгелек отырыс өткізілді

13/06/2017

Қарқаралы ауданының №2 аудандық сотында «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша жобаны іске асыру туралы» тақырыпта дөңгелек отырыс өткізілді.

Судьялар және Егіндібұлақ ауылының медиаторлары С.З.Боранбаева және Г.Ш.Шахмановамен пилоттық жобаныңережесін талқылады.

Медиатор ерлі-зайыптыларды татуластырды

13/06/2017

Нұра аудандық сотымен аз. Б. Мен аз-ша А. арасындағы неке бұзу туралы азаматтық ісі қаралған.

Талапкер өз өтінішін мінездерінің сәйкес келмеуіне және әрдайым болатын ұрыс-керістің нәтижесінде отбасын сақтау және әрі қарай біріккен өмір мүмкін емес деп дәлелдейді.