Алдын ала шектеу түрінде шара қолданылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қарағанды облысы Бұқар-Жырау аудандық сотында Бұқар-Жырау ауданы ІІБ-мен Б. азаматының еркін жүріп – тұруына шектеу қойылып, Қарағанды облысы ІІБ-нің қабылдау тарату орындарында ұстау туралы өтініш қарастырылды.
Шешенқара ауылында өзінің тұлғалығын дәлілдейтін құжаттары жоқ Б. азамат полиция қызметкерлерімен ұсталды. Ұсталған жерінде құқық бұзушылық туралы хаттамамен уақытылы таныстырылды.
Бұқар-Жырау аудандық ІІБ-нің өтініші қанағаттандырылды.
Б. азаматының тұлғалығын анықтап және тексеру үшін 30 отыз) күн Қарағанды облысы ІІБ-нің қабылдау-тарату орындарында қамалып, еркін жүріп-тұруына шектеу қойылды. 
Источник: 
Бұқар-Жырау ауданының №2 аудандық сотының баспасөз-қызметі