Алкогольдік өнімді сату талаптарын орындамағаны үшін жазаланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шахтинск қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 200 бабының 1 бөлігімен (Қазақстан Республикасының заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) Шахтинск қаласының ІІБ-нен азаматша Ш-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық ісі қаралды.

Азаматша Ш. «Волга» дүкенінде сатушы болып жұмыс істеп, жұмыс орынында 21 жасқа толмаған адамға бір бөтелке «Жигулевское» сырасын өткізген.

Сот қаулысымен азаматша Ш. әкімшілік құқық бұзушылыққа кінәлі деп танылып, аталған бап бойынша мемлекет пайдасына 22 690 теңге болатын 10 айлық есептік көрсеткіш айыппұлға жазаланды.

ҚР ӘҚБтК-нің 47 бабының 2 бөлігіне сәйкес рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру бір ай мерзімге белгіленді.

Источник: 
Шахтинск қаласының МӘС-ның баспасөз қызметі