Балқаш қалалық сотының, прокуратураның және ІІБ-нің өкілдері «Азаматтардың мүддесі үшін қылмыстық процесті оңтайландыру» пилоттық жобасын іске асырусаласындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Балқаш қаласының прокуратурасының ғимаратында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға Балқаш қаласының Прокуроры Қанат ӘсембайұлыСәлімбаев, Балқаш қалалық сотының төрағасы Нұрлыбек Өмірбекұлы Сыздықов және Балқаш қаласының Ішкі Істер бөлімінің басшысы Олег ВладимировичЦойқол қойды.

Меморандумға қол қою салтанатты рәсіміне Балқаш қаласының судьясы А.Х.Жандильдина, В.И.Дергунов атындағы заң кеңесінің адвокаты Р.У.Мұстафина да қатысты.

Меморандум қазіргі заманғы технологияларды енгізу арқылы азаматтардың құқықтық қорғалу деңгейінарттыру, қылмыстық теріс қылық туралы қылмыстық істерді сотта қарау және тергеу мерзімін елеулі қысқартуға ықпал ету, сондай-ақ, жеделдетіп тергелген және басқа да ұқсас қылмыстарды одан әрі қысқарту және қылмыстық процесті жеделдетіп аяқтау мақсатында бекітілген.

Тараптар өз құзіреті шегінде бірлескен семинарлар мен конференцияны өткізу, әр тараптың біреуінің өз бетінше ұйымдастырған басқа да осыған ұқсас іс-шараларының жүзеге асырылуына әр тарап өкілдерінің қатысуына жәрдемдесетіні туралы бірлескен іс-шаралар жүргізугекелісті.

Источник: 
Балқаш қалалық сотының баспасөз қызметі