Дау бітімгершілік келісіммен шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Балқаш қалалық сотында талапкер Д. жауапкер Л.-ға қарыз соманы өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.
Талапкер қолхат бойынша, қарыздың қайтару мерзімін көрсете отырып,жауапкерге қарызға 1 980 000 теңге көлемінде ақшалай қаражат берген. Алайда, ол өз міндетін орындамаған.
Азаматтық істі сот талқылауына дайындау кезінде тараптар бітімгершілік келісімді бекіту туралы арызбен жүгінген, шартта көзделгендей жауапкер талапкергебелгілі бір мерзімге дейінқарыз сомасынтөлеуді міндетіне алды.Бұл бітімгершілік келісім сотпенбекітілді.
Ұйғарым заңды күшіне енді.

 

Источник: 
Балқаш қалалық сотының баспасөз қызметі