Еңбек дауы бойынша бітімгершілік келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданының №2 аудандық соты талапкер А.-ның жауапкер «А. Ж. І» ЖШС-дан еңбекақыны және моральдық зиянды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сот отырысы барысында анықталғандай, талап қоюшы А. жауапкер «А. Ж. І» ЖШС-да қызмет атқарған, алайда, 10 ай бойы еңбекақысы төленбеген.

Сот отырысында тараптар дауды бітімгершілік келісіммен шешуге арызданып, бітімгершілік келісім шарттары бойынша жауапкер «талап қоюшы А-ның пайдасына еңбекақы бойынша қарыз ақшаны төлеуге міндеттенді. Талап қоюшы, өз кезегінде, талап арыздан толық көлемде бас тартты.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

Источник: 
Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі