Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының судьясы «Постскриптум» бағдарламасында

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

 

Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының судьясы А.Б Шайменова «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотка дейінгі реттеуді енгізу» атты тақырыпта «5-канал» телеарнасының «Постскриптум» бағдарламасында сұхбат берді.

А.Б Шайменова жасалған және жоспарланған жұмыстар туралы айта отырып, Қазыбек би ауданының №2 аудандық соты көп құрамды соттардың бірі ретінде аталмыш пилоттық жобаның жүзеге асуына өз үлесін қосып келетінін жеткізді.

Сот отырысы кезінде барлық судьялармен сот медиациясын қолдану тәртібі түсіндіріледі. Қазіргі таңда аудандық сотта аталмыш пилоттық жобаны қолдана отырып аяқталаған бірқатар азаматтық істер бар.

Источник: 
Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы №2 аудандық сотының баспасөз-қызметі