«Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің новеллалары» атты семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сәтбаев қалалық сотының жетекші маманы Ж.Дауылбаева сот қызметкерлері арасында «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің новеллалары» атты семинар сабағын өткізді.

Ол өз баяндамасында әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс 2015 жылдың қаңтар айының 1-жұлдызында еңгізілгенін, жаңа Кодекс 53 тарау, 920 баптан тұратынын айтып өтті. Сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында, сондай-ақ, жаңа кодексте өндірісті төмендетуді қамтамасыз ету, айыппұл накты мөлшерін орнату, экономикалық, экологиялық және салық заңнамасын бұзғаны үшін тек белгілі бір жағдайларда қолданылатын пайыздық, сондай-ақ электр энергетикасы саласындағы заңнаманы білдіретінін атап өтті.

Жаңа Кодексте азаматтарды айыппұлды ерікті төлеу жөнінде ынталандырушы нормалар бар. ҚР ӘҚБтК 810, 819 баптарына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық бойынша қысқа өндіріс және салынған айыппұл соммасы барлық айыппұл соммасынан 30% қысқаратынын атап өтті.

Семинар сабағының соңында баяндамашы семинар сабағына қатысқан мамандардың барлық сұрақтарына толықтай жауап берді.

Қайнар: 
Сәтбаев қалалық сотының баспасөз қызметі