«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне еңгізілген өзгертулермен танысу» тақырыбындағы семинар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Бұқар-Жырау аудандық сотында сот мамандарының қатысуымен семинар- сабақ өткізілді.
Өзінің баяндамасында кеңсе бас маманы Г.К.Маханова, жаңа басылымдағы Кодекс қабылданғанынан әкімшілік құқық бұзушылық туралы қазақстандық заңнаманың қалыптасуы жүргізілгенін атап өтті.
Әкімшілік құқық бұзушылық дәрежесіндегі кейбір жағдайлар Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне ауыстырылғанын және қылмыстық істер болып саналатынын атап өту қажет.Бір уақытта әкімшілік құқық бұзушылықтың жаңа құрылымдары еңгізілді және әкімшілік құқық бұзушылық жауапкершілігінен босататын біршама құрылымдар жойылды.Бұл мемлекетіміздің, аталған жайт бойынша қоғамдық  қарым- қатынасты қадағалауды қатайтатындығының дәлелі. 
Шара соңында семинар қатысушылары әкімшілік заңнамасындағы кейбір басты жаңашылдықтарының қысқаша есебін талқылады.

 

Қайнар: 
Бұқар-Жырау аудандық сотының баспасөз қызметі