Қорғаныш нұсқамасын бұзғаны үшін 5 тәулікке қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Н. азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды (Қорғаныш нұсқаманы бұзу).

Н. азаматы үйінде мас күйінде бола тұра туған анасына қарсы шығып, жанжал шығарып, сөйтіп Балқаш қаласының ІІБ қорғаныш нұсқамасын бұзған.

Сот қаулысымен Н. азаматы кінәлі деп танылып 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Балқаш қаласының ІІБ мінез-құлығына ерекше талапты қолдану туралы өтініш хаты ішінара қанағаттандырылды. Н. азаматына Балқаш қаласының ІІБ-не ай сайын екінші бейсенбі, жұма күндері келу, сондай-ақ, жәберленушіні, яғни анасын іздеу, анасының ерігінсіз сөйлесу, анду, анасына келу, телефон арқылы сөйлесуді 3 ай аралығында тыйим салу қорғаныш нұсқама қолданылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі