Қылмыстық іс медиациямен аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облысының Нұра аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодесінің 131 бабының 1 бөлігімен (қорлау) теріс қылық жасағаны үшін  аз.Ш. айыптау бойынша қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдарынан аз. Ш. аз. Т.-ны қорлап, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiткен үшін жеке айыптау тәртібімен сотқа шағым түскені анықталды.

Сот мәжілісі кезінде жәбірленуші мен сотталушыдан татуласуға байланысты іс бойынша өндірісті медиация тәртібімен қысқарту туралы арызы түскен.

 Соттың қаулысымен сотталушы мен жәбіленуші араларында  медиация тәртібімен келісім бекітілуіне байланысты іс бойынша өндіріс қысқартылған.

Соттың қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Нұра аудандық сотының баспасөз – қызметі