Материалдық залалды өндіру туралы дау медиация тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Балқаш қалалық сотымен азаматтық істер бойынша дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісім бекітілді.

Талапкер пәтердің иесі болып табылатынын, ал пәтерінің су басып кетуіне жауапкердің жауапты екенін негіздеп, пәтерді су басып кету нәтижесінің салдарынан болған материалдық залалды және сот шығындарына жұмсалған 36 752 теңге сомадағы шығыстарды өндіріп алу туралы талап арызбен сотқа жүгінді.

Бұл істі қарау барысында тараптардауды медиация тәртібінде реттеу туралы өтініш хатпен жүгінді. Сот дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітті. Келісім шарт бойынша жауапкерге 3 ай мерзім ішінде 36 000 теңге залалды өтеу міндеттелді ,ал талапкер 36 752теңгені өндіру талабынан бас тартты.

Сотпен азаматтық іс бойынша сот өндірісі тоқтатылды, талап қою шыға мемлекеттік баждың сомасы қайтарылды.

Соттың ұйғарымы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Балқаш қалалық сотының баспасөз қызметі