Медиация тәртібімен қарызды өндіру

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды қаласының Октябрь аудандық соты Ломбард ЖШС С.аз. қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық ісін қарады.

Қазақстан Республикасының АІЖК 48 бабы 1 тармағына сәйкес, тараптар медиация тәртібімен дауды шешу келісімімен істі аяқтау мүмкіндігі бар.

«Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңынын 27 бабы 5 тармағының күшіне сәйкес, азаматтық процесс барысында медиацияны жүргізу кезінде тараптар  қол жеткізген дауды реттеу туралы келісім дереу іс жүргізуіндегі азаматтық іс жатқан судьяға жіберіледі. Дауды реттеу туралы келісімді сот Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде көзделген тәртіппен бекітеді.

Медиация келісімі шарттарымен танысқан соң, ҚП АІЖК-і негізінде, тараптардың іс-әрекеттері заңға қайшы келмейтін және де азаматтардың құқықтары, заңды мүдделері мен бостандықтарын бұзбайтын өтініште көрсетілген тараптар арасында келісілген шарттарға сәйкес медиация келісімін бекітті.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

Источник: 
Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотының баспасөз қызметі