Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарқаралы ауданының №2 аудандық сотында соттармен сот мамандарының қатысуымен Мемлекет басшысының «Борлашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы мақаласын бүкілхалықтық талқылау шеңберінде «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Сотының төрағасы К.Д.Искакбаев өз сөзінде, Мемлекет басшысының рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласында қазақстандықтардың XXI ғасырдағы ұлттық санасын дамытудың нақты жолдарын ұсынған және рухани жаңғыртудың ең басты шарты – ұлтты сақтау қажеттігін атап көрсетті. Мемлекет басшысының, қазіргі жаһандану дәуірінде біз жат идеологиялардың ықпалына өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды насихаттау арқылы төтеп бере алатындығымыз. Сондықтан да қазақ халқының бай тарихи мұрасын сақтай отырып, біз қазақстандықтардың ұлттық сана-сезімін барынша дамытуға қажет екенін атап өтті.

Мемлекет іргелі және ауқымды жұмысқа кірісті, өз үлесін әр бір қазақстандық қосуы қажет. Сол кезде ғана мықты және жауапкершілігі мол біртұтас ұлт болып болашаққа қадам басамыз.

Источник: 
Қарағанды облысының Қарқаралы ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі