Нұра аудандық сотында жаңа тағайындаулар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
«Қарағанды облысы бойынша соттар әкімшісі» РММ-нің Басшысы Бақдаулет Нұрпеисов Нұра ауданына жұмыс сапарымен келіп, аудандық сотында жиналыс ашты. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тағайындалған жаңа судья Шыңғыс Бимухановты сот ұжымына салтанатты түрде таныстырды.
Өз сөзінде Бақдаулет Бақтиярұлы жаңадан тағайындалған судьяның екі жоғары білімі бар екені, 2004 жылы ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінде қызмет атқарып, ал 2005 жылдан 2016 жылдар аралығында әр түрлі қызметтер атқарып, оның ішінде «Қазтелерадио» АҚ мен жеке меншікті фирмаларда заңгер қызметтерін атқарып, өзін жауапты, екі шет тілін меңгерген, білікті тұлға ретінде тек жаксы жағынан көрсетіп жұмыс атқарғанын атап өтті.
Осыдан кейін Бақдаулет Бақтиярұлы сот төрағасының м.а. Блял Амантайұлы Даупбаев пен жаңа тағайындалған Шыңғыс Меирұлы Бимухановты аудан әкімдігінде осы мақсатта арнайы ұйымдастырылған жиналысқа қатысып, аудан басшылығына таныстырды.

 

Источник: 
Нұра аудандық сотының баспасөз қызметі