Пара бергені үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотында Р-ға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 28 бабы 4 бөлімі (қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлерi) - 367 бабы 2 бөлімі (пара беру) қылмыстық іс қаралды.
2014 жылдың қазан айының басында «Пульс Плюс» ЖШС-ның басшысы А. өзінің бұрыңғы танысы Т.-ға «Пульс Плюс» ЖШС-ға тиесілі, 23.09.2014 жылы Қарағанды қаласы ІІБ Октябрь аудандық полиция бөлімімен ұсталып және алынып қойған мыс қойылтпасын қайтару туралы сұрағы бойынша көмек сұрап жүгінеді. Т. өз кезегінде А.-ның мәселесі туралы бұрыңғы танысы Р.-ға айтып береді, яғни Р. өзінің жеке пайдасын ойлап, байып кетуді көздеп оны А.-мен таныстыруын өтінеді. А.-мен танысудан кейін сотталушы Р. істің мән-жайын түсінгеннен кейін өзінің заңсыз байып кетуін көздеп, пара беруге айдап салу туралы қылмыстық ойға келеді. Сотталушы А.-ны өзінің ойының шын екенін Қарағанды облысы ІІД басшылығының арасында оған тиесілі мыс қойылтпасын қайтарып алудың 30 000 АҚШ доллары көлемінде танысына пара беріп алып шығуға болатынын түсіндіреді. А. сотталушының ұсынысына бас тартумен жауап береді. Сотталушы А.-ның бас тартуына қарамастан лауазымды тұлғаға аса ірі көлемде пара беруге айдап салып өзінің қылмыстық іс-әрекетіне көңдіреді. Сонымен бірге пара беруден бас тартқан жағдайда жүк қайтарылмайтынын айтады. Шығатын жол таба алмаған А. сотталушының сөзіне сеніп, ұсынысына көнуге мәжбүр болады.
Сот үкімімен Р. қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған бас бостандығынан айыру жазасы мүлкі тәркіленіп 2 жыл 6 ай мерзімге тағайындалды, мемлекеттік органдарда басшылық қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының баспасөз қызметі