Саран қалалық сотында әкімшілік істер бойынша хаттама толтырмай тұрып айыппұлды төлеу бойынша құқық бұзушыға тиісті түрде хабарлама жіберу туралы сұрақтар талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Саран қалалық сотында тақырыбы «ҚР ӘҚБтК 669 бабы бойынша әкімшілік істер бойынша хаттама толтырмай тұрып айыппұлды төлеу бойынша құқық бұзушыға тиісті түрде хабарлама жіберу туралы» семинар-кеңес өтті.

Іс шараға соттың төрағасы Б.Т. Имашев, сот мамандары мен судьялар, Саран қаласының прокурорының орынбасары Н.К.Абдишев, Саран қаласының  әкімшілік полиция бөлімінің орынбасары А.Шактаев, участкелік инспекторлар қатысты.

Семинар-кеңесте сот төрағасы Б.Т. Имашев, аталған іс-шара әкімшілік істер бойынша кемшілектерді жібермеу, және де істер тізімге сәйкес толық, хаттама толық қатесіз толтыру фактілерін болдырмау үшін өткізіліп отырғанын айтты. Жіберілген кемшіліктердің алдын алу үшін учаскелік инспекторлерге алдымен айыппұлды төлеу туралы ескерту жолдану керек, 10 күн өткенен кейін екінші ескерту жолданылу керек, айыппұлды өз еркімен төлеу үшін. Сонымен бірге тұлғаның әлеуметтік жағдайын аңықтау керек.

Сонымен қатар құқық бұзушыға қатысты толтырылған хаттама бойынша ӘЗТ орталығынан аңықтама алу жұмысын күшейту қажет, тұлғанын  әлеуметтік жағдайын аңықтау үшін.

Қайнар: 
Саран қалалық сотының баспасөз қызметі