Сот залында қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2013-2015 жылдар аралығында ХҚК инспекторы қызметін атқарып жүріп, Ә. төмен бағамен пәтер алуға болады деген сылтаумен алдап, жәбірленушілердің 8 миллионнан астам ақшасын иемденген. Сотта Ә. кінәсін ішінара мойындады, жәбірленушілерге келтірген залал өтелген жоқ, олар бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сот Ә-ға шартты түрде немесе үкім бойынша жазаны өтеуін кейінге қалдыруды қолдануға еш негіз таппады. Бұдан бөлек сот, балаларын әкесінің қамқорлығына беру туралы шешім қабылдады.

Қарағанды қаласы Октябрь ауданының №2 аудандық сотының үкімімен Ә. ҚР ҚК-нің 190 б. 3 бөл. 1 тарм. бойынша кінәлі деп танылып, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңын қолданып, соңында мүлкін тәркіреумен 2 жыл бас бостандығынан айыруға сотталды, жазасын орта қауіптегі қылмыстық-атқару жүйесінде өтейді. Ә. сот залында қамауға алынды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қарағанды қаласы Октябрь ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі