Сотпен процессуалдық шығындар өндіріліп алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бұқар жырау ауданының ,№2 Аудандық сотында , Бұқар жырау ауданының прокуратурасының процессуалдық шығындарды өндіріп алу туралы ұсынымхаты қаралды. Аудан прокуроры сотқа ,аз.А-дан 17 938 теңге көлеміндегі сот шығындарын өндіріп алу туралы ұсынымхатын жолдады ,оның себебі, Бұқар жырау аудандық ІІБ Тельман ПБ  аз. У.-ға қатысты жол көлік оқиғасы салдарынан денсаулығына орта дәрежедегі зиян келгені туралы факт тіркелген. Полиция бөлімінің инспекторы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық – процессуалдық кодексінің 35 бабы.1 б.негізінде, рақымшылыққа байланысты аз. А.-ға қатысты сот алды тергеу ісін тоқтату туралы қаулы шығарады.

Істі тергеу кезінде сот-медициналық сараптама жүргізілген, оның өндірісіне 17 938,04 теңге көлемінде ақшалай қаржы жұмсалған.

Сот прокурордың ұсынымхатын және оған қосымша материалдарды зерттей келе, ұсынымхатты қанағаттандырды, аз.А-дан мемлекет пайдасына 17 938,04 теңге сомасында сот шығындарын өндіріп берді.

Источник: 
Бұқар жырау ауданының №2 аудандық сотының баспасөз орталығы