Іс тараптардың келісімге келуімен тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданының №2 аудандық сотында,Қазақстан Республикасының  ҚК-нің 188 бабы 1 бөлім бойынша ,азамат Б.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Б. өз үйінде Н. деген таныс азаматпен бірге спиртті ішімдіктер ішіп отырды. Ішімдік ішу арысында,Б.-да Н.-ға тиесілі ұялы телефонды ұрлап алу туралы қылмыстық ой келді. Осы мақсатпен, Б. танысы Н.-ны тезірек мас қылу үшін оның стаканына спиртті ішімдікті көбірек құя бастайды. Сағат 20.00 кезінде Н.мас күйінде ұйықтап қалады. Осыны пайдаланып, Б оның іс-әрекетін ешкім көріп тұрмағанына көз жеткізіп, қара түсті «Самсунг GT-19070» маркалы ұялы телефонды алып,әрі қарай өз ұйғарымы бойынша пайдаланды.

Істі қарау кезінде жәбірленушіден шығынның орны толтырылуы себепті істі тоқтату туралы арыз түсті.

Сот қаулысы бойынша тараптардың татуласуына байланысты Б.-ға қатысты қылмыстық іс тоқтататылды.

Источник: 
Бұқар жырау ауданының №2 аудандық сотының баспасөз орталығы