Татуласуына байланысты қылмыстық іс қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотымен ҚР ҚК 188 бабы 1 бөлігі (Ұрлық) азамат Щ-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Щ. өзінің пәтерінде азаматша А.-мен спирттік ішімдіктер ішеді. Сотталушыда жәбірленушіден ұялы телефонын ұрлап алу туралы қылмыстық ой келеді. Өзінің іс-әрекеттеріне ешкімнің байқамай тұрғанына көзі жеткен сотталушы, құны 10 000 теңге тұратын азаматша А.-ның күртешесі қалтасынан ұялы телефонын ұрлап алады.

Жәбірленуші сот отырысында кінәлаудан бас тартты, ол туралы жазбаша арыз жазып, қылмыстық істі сотталушымен татуласып, медиативті келісімге келуіне байланысты қысқартуын сұрады.

Сот қаулысымен қылмыстық іс тараптардың татуласуымен қысқартылды.

 

Источник: 
Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық баспасөз-қызметі