Теміртау қалалық сотында медиация тәртібі бойынша дауды (жанжалды) реттеу туралы келісім жасалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Теміртау қалалық сотымен талапкер А.В. Гавриловтың жауапкерлер Т.В.Димидоваға, И.В. Зайцеваға, С.Г. Димидовқа екі есе мөлшерінде кепілақыны өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.
Талапкер басында Теміртау қаласында орналасқан пәтерді сатып алу-сату туралы шартын жарамды деп тану бойынша жүгінді, бірақ басты сот отырысына дейінгі дайындықта талап арызды өзгертті, сонымен қатар жауапкерлерден Теміртау қаласында орналасқан пәтерді сатып алу-сату туралы шартын жарамды деп тану екі есе мөлшерінде кепілақыны жуаупкерден өндіруді соттан сұрады. Ақырғы талап арызының нысаны бойынша екі есе мөлшерде кепілақыны өндіру туралы талап арыз тапсырды.
Істі сот талқылауына дайындау барысында тараптаремен дауды (жанжалды) медиация тәртібі бойынша реттеу туралы және соны өндірісінде қаралып жатқан судья З.Ж. Алекпаева өткізсін деген қолдаухат тапсырылды.
Медиация барысында тараптармен дауды (жанжалды) медиация тәртібі бойынша реттеу туралы келісім жасалды және ол судья – медиаторға бекті үшін ұсынылған.
Сот ұйғарымымен бекітілген осы азаматтық іс өндірісі бойынша медиация тәртібі бойынша дауды (жанжалды) реттеу туралы келісім жасалды, оның талаптары бойынша талапкер кеі есе мөлшерінде кепіл ақыны өндіру туралы талап арыздан бас тартады, ал жауапкерлер А.В. Гавриловқа 1 627 500 тенге және 70 716 тенге соммасын қайтарады. А.В. Гаврилов тапсырған талап арызынан бас тартады.
Ұйғарым заң күшіне енген жоқ.

 

 

Қайнар: 
Теміртау қалалық сотының баспасөз – қызметі