Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін екі тәулікке қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Ш. азаматына қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігіне (ұсақ бұзақылық) сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.

Азамат Ш. қоғамдық орнында бола тұра, табиғи мұқтаждығын қалпына келтірді, сол әрекетімен қоғамдық жерді ластап, қоғамдық тәртіпті бұзды.

Сот қаулысымен Ш. азаматы кінәлі деп танылып, 2 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі