Жымқырғаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағайлы байыту фабрикасының (ҚБФ) бұрынғы директоры И. адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, кiнәлiге сенiп тапсырылған (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу)  ҚР ҚК-нің 189 б.2 б. 1,3 тарм. қарастырылған қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, Қарқаралы аудандық сотының үкімімен оған 2 жылға  бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. 2016 жылдың 02 қыркүйегінде Қарағайлы байыту фабрикасының (КОФ) қызметкерлері  фабриканың балансында тұрған ағаш сыналары түрінде мүлікті жымқырып, кәсіпорынға 1 018 178 тенге мөлшерінде елеулі зиян келтірген.

Сот   отырысында сотталушы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кінәсін мойындады. Кәсіпорынға келтірілген зиян толық орнына келтірілді. Қылмыстық іс бойынша азаматтық талап қойылған жоқ.

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 27-IV Заңының   2 б.3 б. 1 тарм. сәйкес,  негiзгi жазаның өтелмеген бөлігінен   босатылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Қарқаралы аудандық сотының баспасөз қызметі