семинар сабағы

Мемлекеттік тілде жасалған құжаттардың сапасын арттыру мәселесі бойынша семинарлық сабақ өткізілді

01/07/2017

Мемлекеттік тіл - мемлекеттік басқару тілі, заңнама, сот ісін жүргізу тілі, қоғамдық қатынаста барлық салада мемлекеттің барлық аумағында қолданылады. Алайд , «тіл сұрақтары» біздің мемлекетіміз үшін көкейкесті меселе болып жалғасын табуда.

Сот мамандарының қатысуымен семинар өткізілді

25/04/2017

Қарағанды қаласының Октябрь аудандық соты Г. Базылова, Д. Укпенова және М. Жумагулов судьяларының төрағалығымен бас маман - сот отырысы хатшыларымен тәлімгерлік ету бойынша семинар өткізілді.

Аталған семинар 2017 жылдың 1 жартыжылдығына арналған оқу сыныбының жоспарын орындау мақсатында өткізілді.

Нұра аудандық сотында семинарлық сабақ өткізілді

21/02/2017
Қысқартылған өндіріс бойынша қылмыстық істерді қарау кезінде жіберілген қателіктерді болашақта сот тәжірибесінде болдырмау мақсатымен сот төрағасының тапсырмасы бойынша Нұра аудандық сотының ұжымымен талқылау үшін судья Ш. Бимухановқа «Соттармен қысқартылған тәртіппен қылмыстық істерді қараудың кейбір мәселелері туралы» тақырыбында баяндама жасау тапсырылған.

Судьялар жекелеген санаттары бойынша дауларды міндетті түрде медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны талқылады

16/02/2017
Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотында азаматтық істерінің жекелеген санаттары бойынша дауларды міндетті түрде медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны талқылау мақсатында семинар сабағы өткізілді.
Шараға Октябрь аудандық сотының төрайымы және судьялары қатысты.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинар сабақ өтті

16/02/2017
Қарқаралы ауданының №2 аудандық сотында «Жемқорлыққа қарсы әрекет» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шараға сот мамандары, Егіндібұлақ селосына қарасты ЖПҚ-нің учаскелік инспекторы, капитан Е. Абдиков және Қарағанды облысы бойынша МКҚБ ММ полиция қызметкерлері қатысты.

Беттер