Сот мамандарының қатысуымен семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды қаласының Октябрь аудандық соты Г. Базылова, Д. Укпенова және М. Жумагулов судьяларының төрағалығымен бас маман - сот отырысы хатшыларымен тәлімгерлік ету бойынша семинар өткізілді.

Аталған семинар 2017 жылдың 1 жартыжылдығына арналған оқу сыныбының жоспарын орындау мақсатында өткізілді.

Іс-шараның жұмыс барысында туындаған сұрақтар, жасалынған техникалық қателіктер, сонымен қатар ҚР АІЖК мен ҚІЖК-не сәйкес хаттамаларды жазылуы мен рәсімделуі сұрақтары талқыланды.

Семинар соңында судьялармен жұмыстың дұрыс ұйымдастырылуы мен орындалуы бойынша ұсыныстар берілді.

Источник: 
Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотының баспасөз қызметі