Сәтбаев қалалық сотында «Медиацияның артықшылықтары» атты семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сәтбаев қалалық сотында кеңсе жетекші маманы Б. Құдайбергенқызы сот қызметкерлері арасында «Медиацияның артықшылықтары» атты семинар сабағын өткізді.

Ол өз баяндамасында 2011 жылдың 5 тамызында «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғанын айтып өтті. Бұл заң Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.

Медиацияның мақсаты - дауды бітімгершілікпен шешудің екі тарапты да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу екенін Б. Құдайбергенқызы айтты.

Семинар сабағының соңында баяндамашы семинар сабағына қатысқан мамандардың барлық сұрақтарына толықтай жауап берді.

Қайнар: 
Сәтпаев қалалық сотының баспасөз қызметі