Архив событий

26/07/2017

Жаңаарқа аудандық соты Баспасөз қызметінің ақтау үкіміне қатысты ресми түсіндірмесі

26/07/2017

Жаңаарқа аудандық сотының18.07.2017 жылғы сот үкімімен Интыкбаев Н.Ш., Шалғынбаев Р.А., Шалгынбаев Е.К. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 126 бабының 3 бөлігінің 2 тармағында көзделген қылмысты жасауда кінәсіз деп таналып, әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталды.

Сотпен істі қарау кезінде сотталушыларда жәбірленугі Ж.М. Саликовты қасақана бас бостандығынан заңсыз айыруға бағытталған мақсаттарының болғанын айқындайтын дәлелдемелер анықталмады.

Қарағанды облысының судьялары 2017 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша жұмыс қорытындысың шығарды

26/07/2017

Қарағанды облыстық сотынында  2017 жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылауға арналған кеңейтілген жиын өтті.

Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы А.Рахметулин, облыстық соттың алқа төрағалары мен судьялары, Қарағанды облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшылығы, облыстың аудандық және оған теңестірілген соттарының төрағалары мен судьялары қатысты.