Архив событий

05/03/2014

Қарағанды облыстық соты төрағасының көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтауы

05/03/2014

Қадірлі әріптестер! Қымбатты арулар! Сіздерді шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Осы бір тамаша көктем мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі сияқты. Асыл аналар мен аруларымыз жарқын әлемде   нәрестеге өмір сыйлап, болашақ ұрпағымызға бағасы жоқ асыл қасиеттерді бойына сіңдіріп, қылқалам шеберлері –ақындарымыз бен суретшілерімізге шабыт беріп, әрдайым теңдесі жоқ сұлулығымен мына ғаламға шуақ шашып келеді.