Архив событий

26/03/2014

Медиацияны қолдану мәселелері туралы

26/03/2014

Бұхар-Жырау ауданынң №2 аудандық сотымен Г. Мұстафин кентіндегі кітапханада медиацияны қолдану  мәселелері туралы дөңгелек үстел өткізілді. Осы шараға кенттегі кәсіби емес медиаторлар Ш.Р. Курбанов – Қарағанды облыстық маслихаттың депутаты, Загурная Т.Б. – «Росинка» балабақшасының меңгерушісі, сонымен қатар аудан прокурорының көмекшесі Н.Серікбеков, Г.Мұстафин кентінің  әкімшілігінің бас маманы Б.Т.Кенжибекова, «Бұқар жырау жаршысы» газетінін тілшісі Т.Ф.Курбанова қатысты.

Теріске шығарылды

26/03/2014

2014 жылдың 20-наурызында Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотында «Казинформ» АА, «5 арна» ТА, «Новый вестник» және КТК сынды БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізілді. Брифинг барысында Қарағанды қаласы  Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының баспасөз хатшысы З.Е. Ибраева бірқатар БАҚ-ның ғаламтор көздерінде сот процесі кезінде заңгер мен судья арасында болған жанжал туралы жарияланған мақалаларды ресми түрде теріске шығарды.

«Құлыншақта» Наурыз тойы тойланды

26/03/2014

2014 жылдың 20-наурызында Қарағанды облыстық сотының өкілдері – азаматтық және әкімшілік істержөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Ж. Сейдалина, ҚР Судьялар Одағы филиалының төрағасы, облыстық соттың судьясы Н. Кузнецовалар «Құлыншақ» балалар үйіне барып қайтты. «Бала – болашағымыз». Осы бір ауыз сөздің мәні өте тереңде. Балаларды тәрбиелеу мен қорғау әдістерінің бірі – оларды елінің мәдениетіне, отбасы мен қоғамның дәстүрлеріне жақындастыру. Балалар үйінің ұжымы мен тәрбиеленушілер Наурыз мейрамына арналған мерекелік концерт ұйымдастырды.